Жаңалықтар

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Ер есімі – ел есінде! Қазақстан Теміржолы компаниясының Жезқазған қаласында орналасқан ғимаратына - 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін құрбаны, қоғам және мемлекет қайраткері Зияда Әбеновтің мемориалдық ескерткіш тақтасы орнатылды. Тарихқа тағзым етілген тағылымды шара жайында тілшіміз толығырақ тарқатады...

Миллиондаған тағдырға тұсау салған өткен ғасырдың 30 шы жылдарындағы зұлмат – ұрпақ жадында!

Зияда Әбенов – 1901 жылы бұрынғы Атбасар уезі, Қарсақбай ауданына қарасты №4 ші ауылда дүниеге келген. Жастайынан еңбек майданына ерте араласқан ол теміржол құрылысы саласында тер төгіп, әйгілі Түркісб жобасының жүзеге асырылуына үлес қосқан. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығы мен «Қазақстан теміржолы» компаниясының өкілдігі арнайы қатысты.

Антисоветтік күштермен байланысы бар деген жалған айып тағылған Зияда Әбенов осы жаланың құрбанына айналады. Тағылымды шара барысында қайраткер тұлғаның туған туыстары – баба есімін жаңғыртып жатқан жандарға алғыстарын айтты. Солардың бірі: атасының атын алған, Зияда Әбеновтың шөпшегі - Зияда Серік...

Қоладан құйылған мемориалдық тақта авторы - Қазақстанға белгілі кәсіби мүсінші Алтай Бейсенов. Ілкімді шара – ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімімен түйінделді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты