Жаңалықтар

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

«Ер есімі – ел есінде!» Облыс орталығындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкері, полиция подполковнигі Ерден Саутовты еске алуға арналған тағылымды шара өтті. 2010 жылы- кезекті оқу-жаттығу жиынында мезгілсіз қазаға ұшыраған батырдың есімі жезқазғандықтардың мәңгі жадында...

Ерден Сауытов – 1975 жылы, мамыр айының 19 шы жұлдызында дүниеге келген. Кезінде өзі оқыған №3 ші мектеп ұжымы арда туған түлегін жыл сайын сағынышпен еске алып, оның отансүйгіштік рухы мен батыл қадамын өскелең ұрпаққа үлгі етеді. Аталған мақсатта ұйымдастырылған шараға – Ерден Сауытовтың әріптестері мен достары, туыстары мен оқушылар қатысты.

Иә, қазаққа батыр қашаннан ортақ! Шахтинск қаласында дүниеге келген Ер Ерден есімі Ұлытаудың биігінде де ұлықталуда. Тағылымды шараға атсалысқан ұлағатты ұстаздар мен азаматтық қоғам өкілдері осы күні - Алматы қаласы Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі мен Ұлттық ұлан атынан «Қазақстан патриоттары» және «Асыл Ардагер» төсбелгілерімен марапатталды.

Іс шара барысында жиналғандарға - мектеп жанындағы «Жас сақшы» сыныбы оқушыларының әскери-патриоттық дайындық элементтері көрсетілді. Айта кетейік, Ерден Сауытов ортамызда болғанда биылғы мамырда 51 ші белесге қадам басатын еді...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты