ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАРУ ТАПСЫРҒАНДАРҒА СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

ЗаңМенТәртіп 20 сәуірден бастап өңірде заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция басталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркелмеген қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.Айта кетейік, оны өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды,керісінше ақшалай сыйақы төленеді. Төлем мөлшері қарудың техникалық жағдайына байланысты арнайы комиссиямен айқындалады. Мәселен, өткен жылы аймақтағы азаматтардан заңсыз сақталған қаруды тапсыру бойынша 27 өтініш келіп түсіп, ерікті түрде тапсырылған. Тәртіп сақшылары азаматтар заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстар мен төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестерін қосады деген сенімде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


