Жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ҮЛГІ

ЕРІКТІЛЕР ЕҢБЕГІ   ЕЛГЕ ҮЛГІ

Облыс орталығында - «28 ілмек» еріктілер тобының Жезқазған және Балқаш қалаларындағы белсенділерінің ұйымдастыруымен ауқымды көрме өтті. Шала туған сәбилерді өмірге бейімдеуге қажетті тоқыма бұйымдарымен қамтамасыз етіп келе жатқан еріктілер өткізген шара - қайырымдылық мақсатын көздейді…

«28 ілмек» - шала туған нәрестелерге қолдау көрсетуді мақсат еткен еріктілер қозғалысы. Олар табиғи жүннен жылы бұйымдар тоқып, оларды арнайы медициналық мекемелерге жеткізеді. Мамандар мұндай бұйымдар сәбиді тек жылытып қана қоймай, оның өмірге бейімделу үдерісіне де оң әсер ететінін айтады. Аталған еріктілер қозғалысы Жезқазғанда үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«3385 перевод: Қазіргі таңда клуб құрамында 12 ерікті бар. Жас ерекшеліктеріміз әртүрлі болғанымен, барлығымызды бір мақсат - шала туған сәбилерге көмектесу біріктіреді. Дайын тоқылған бұйымдарды перзентханаға тұрақты түрде тапсырып отырамыз. Мұндай жүннен жасалған өнімдер сәбилерге жылу беріп қана қоймай, олардың өмірге бейімделуіне де оң әсер етеді»

— Виктория Данилова, «28 ілмек» еріктілер тобының үйлестірушісі (Жезқазған қаласы)

Көрме барысында келушілер еріктілердің қолөнер туындыларын тамашалап, қозғалыстың негізгі бағытымен танысты. Сонымен қатар, тұрғындар – қайырымдылықты көздеген қозғалыс жұмысына атсалысу жолдары жөнінде ақпарат та алды.

«3384 перевод: Көрменің басты мақсаты - тұрғындарға еріктілер қозғалысының маңызын түсіндіріп, қайырымдылық бастамаларды кеңінен таныстыру. Шараға «28 ілмек» клубымен қатар ұлттық еріктілер желісіне кіретін 20-дан астам ұйым қатысты. Мұндай жобалар қоғамдағы белсенділік пен жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді»

— Анар Жабаспаева, «28 ілмек» еріктілер тобының үйлестірушісі (Қосшы қаласы)

Жезқазғанда өткізілген қайырымдылық көрмесі – еліміздің өзге аймақтарында да ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты