ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

«Жезқазғанда КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Сабеевті еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен республикалық турнир мәреге жетті.
«Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен 152 спортшы қатысты. Олар он салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап, бозкілемде жоғары дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Әр белдесу тартысқа толы өтіп, жас балуандар жеңіске деген жігерін танытты.
«04// / Жарысымызға 20 облыстан қатысушылар келді.10 салмақ күресіп жатыр қазіргі таңда.Бүкіл спортсмендер Қазақстан чемпионатында қатысып жүрген спортсмендер. Жарысымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жарысымызға қолдау көрсеткен бүкіл Жезқазған қаласының әкімдігі, спорт комитеті, жастар болашақ бәріне көп көп рахмет!»
— Нұржан Дүтбай, бас төреші
Турнир қазақтың еркін күрес мектебінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі бапкер Сергей Сабеевтің рухына тағзым етіп, оның есімін ұлықтауға арналды. Жарыс қорытындысы бойынша бозкілемде топ жарған балуандар чемпиондық белбеу, диплом, медаль және ақшалай сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ жүлделі екінші және үшінші орын алған спортшыларға да лайықты марапаттар табыс етілді.
«08// / Бүгін 4 қарсылас өткіздім. Барлығы оңай емес. Қиын жекпе-жектер болды барлығы. Аллахтың қалауымен бүгін жеңімпаз атандық. Алматы қаласынан келіп отырмын. Шаңырақ шағын ауданында интернатта оқимын. Бапкерлерім Кешубаев Алан, Кешубаев Еркебұлан,Эдуард барлық ағайларыма өте мың алғыс рахмет осылай мықты етіп тәрбиелегеніне! Мақсатым- олимпиада, әлем, Азия чемпионы болу. Бұл жарыс сол жарыстарға лесница болып есептеледі. Осы жарыстан өтіп жеңімпаз болуға талпынып жатырмыз»
— Мерей Базарбаев, 61 келі салмақ дәрежесінің жеңімпазы
«09// / Алматы қаласы городской интернатта оқимын. Сол мектептің түлегімін қазіргі таңда 3 курсқа өттім. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Балуандар да тыңғылықты дайындалып келген. Әр қарсылас оңай болған жоқ. Бүкіл қарсыласқа барымды салып,соңына дейін күресіп Аллахтың қалауымен жеңіс бүгін біз жақта болды. Жалпы айтқанда бұл жарыс бізге бір баспалдақ қой. Алдағы мысалы Қазақстан чемпионаты,ел чемпионаты шетелде жарыстар болса да үйістіп ашылып күресе аламыз. Бір шетінен 200 теңге сыйлық беріп тұр. Ақша үшін күреспейміз әрине, бірақ бұл қолдау ғой. Жезқазған күрес федерациясына рахмет осындай жарыстар көп болғаны дұрыс қой негізінде»
— Бақдаулет Әкімжан, 70 келі салмақ дәрежесінің жеңімпазы
Дүбірлі дода жас балуандардың шеберлігін шыңдап, үлкен спортқа бастар жолдағы маңызды белеске айналды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


