«ЕСІМІ ЕЛ ЖАДЫНДА»

«Есімі ел жадында!» Осындай атаумен облыс орталығында – Жезқазған қаласының құрметті азаматы, ғалым, «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері Мүсілім Тоқтамысұлының торқалы 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті...
Мүсілім Тоқтамысұлы – 1936 жылы Ұлытау ауданы, Қарсақбай даласында дүниеге келген! Сол замандағы өзге қатарластары секілді еңбек майданына ерте араласқан ол – адал еңбектің арқасында Ер атанған тұлға. Тұтас ғұмырын өндірісті өлкенің дамуына арнаған жанды еске алу шарасы қала әкімі Қайрат Шайжановтың алғысөзімен ашылды.
Тағылымды шараға Мүсілім Тоқтамысұлының кен игеру саласындағы ізбасарлары мен шәкірттері арнайы қатысып, тау тұлға жайында есті естеліктерімен бөлісті...
Іс шара барысында Мүсілім Тоқтамысұлының өмір жолы жайлы естеліктерден, арнау өлеңдерден, мақалалардан жинақталған «Ғибаратты ғұмыр» кітабының тұсауы кесілді. Бұл жинақты белгілі өлкетанушы Кенжал Балкенов құрастырған. Сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімдігінің атынан Мүсілім Тоқтамысұлының артында қалған жары мен отбасына құрмет көрсетілді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


