Жаңалықтар

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Талай жастың өмірін құрдымға кетірген нашақорлықтың алдын алмаса апарар жері белгілі. Ұлытау облысының полиция департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында есірткі және психотроптық заттарға байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша шараларды жалғастырып келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов статистиканы баяндады. 2025 жылы облыста 110 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде бір ұйымдасқан топ анықталған және 1 контрабандалық жолмен әкелінген есірткі тәркіленген. Сондай-ақ, 31 есірткі сату бойынша қылмыстық іс қозғалған. Биыл қылмыстық айнлаымнан 138 келіден астам есірткі алынған.

Басқарма бастығы Телеграм әлеуметтік желісіндегі сайттар арқылы есірткі тарату деректеріне қатысты күн сайы интернет мониторинг жүргізіліп жатқанын да айтты. Қабылдаған шаралар нәтижесінде 1255 сайт бұғатталған.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында 2025 жылы басқарма тарапынан мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Оған 41 мыңнан астам адам қатысқан. Профилатикалық шара барысында қабырғаларға жазылған сілтемелер де өшірілген. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты