Жаңалықтар

«ЕСІРТКІСІЗ ӘЛЕМ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЕСІРТКІСІЗ ӘЛЕМ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жас қылқалам иелері есірткіге қарсы үндеуін өнер арқылы жеткізді. Жезқазған қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз әлем» атты сурет байқауы өтті.

«Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өткен сайысты облыстық полиция департаменті ұйымдастырды. Басты мақсат - өскелең ұрпаққа есірткінің адам өмірі мен қоғамға келтірер зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың өз ойын өнер арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру.

Байқауға қатысқан 30-ға жуық жас суретші қылқалам арқылы салауатты өмір салтын, денсаулықты, спортты және есірткісіз жарқын болашаққа деген сенімін бейнеледі. Жас таланттардың туындылары арнайы құрылған қазылар алқасының назарына ұсынылып, жұмыстар тақырыптың ашылуы, идеялық мазмұны, көркемдік деңгейі мен орындау шеберлігі бойынша бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал шараға белсенді қатысқан барлық жас суретшілерге Алғыс хаттар табысталды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты