Жаңалықтар

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ»

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ»

26 шы маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні! Атаулы күнге орай облыс орталығында Ұлытау облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты зияткерлік квест ойыны өтті.

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Есірткіге қарсы зияткерлік бағытта ұйымдастырылған квест ойынына «Жасыл ел» еңбек жасағаның сарбаздары өзара 4 командаға бөлініп қатысты. Негізгі мақсат: -(Бүгінгі іс шарамыздың мақсаты: нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Нашақорлық - қазіргі қоғамның ең үлкен қауіптерінің бірі. Ол – денсаулықты ғана емес, адамның тұтас өмірін құртатын кесел. Зияткерлік ойынға қатысушы барлық командаға сәттілік тілеймін!!!) Интеллектуалды ойын – тақырып аясындағы логикалық сұрақ-жауаптарға, қызықты тапсырмаларға толы болды. Барлық кезеңде алғырлықтарын көрсете білген «Қыран» командасы жеңімпаз атанды.

Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, қоғамның әрбір мүшесі қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы дейді іс шара ұйымдастырушылары.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты