Жаңалықтар

Ғ ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ШАХТАПРОХОДКАЛАУ ТРЕСІНЕ – 60 ЖЫЛ

Ғ ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ШАХТАПРОХОДКАЛАУ ТРЕСІНЕ – 60 ЖЫЛ

Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресіне - 60 жыл! Мерейлі белеске орай бүгін Кеншілер шаһары атанған Сәтбаев қаласында кең ауқымды іс шаралар өтті.

Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі – 1966 жылы құрылған. Бүгінде «Қазақмыс» корпорациясы құрамындағы алып кен орындарының бірі. Кәсіпорынға – өндіріс ошағының алғашқы басшысы, белгілі инженер ғалым Ғазиз Омаровтың есімі берілген.

Шахтапроходкалау тресінің еңбеккерлері жерасты кен орнын ашу жұмыстарымен айналысады. 60 жылдық мерейлі белеске кен орнында еңбек еткен ардагер кеншілер арнайы қонақ ретінде шақырылды. Солардың бірі – Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Аманбай Сағидуллаев...

Салтанатты шара барысында түрлі еңбек ұжымдары мен «Кәсіпқорған» кәсіподағы ұйымы – кеншілер қауымына құрмет көрсетті. Сондай ақ, ІІІ ші, ІІ ші, І ші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгілері табыс етілді.

Шара барысында Киіз үйлер байқауы мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақылар табыс етілді. Мерекелік жиын шахтапроходкалау тресінің төлұранымен мәреге жетті...

ФРГ. Нұрланның «Біздің Кеншілер» әнінен үзінді...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты