ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Сәтбаев қаласында Халықаралық қарттар күніне орай «Ғибратты ғұмыр – ұрпаққа аманат» атты салтанатты шара өтті. Жиында саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, бірқатар ардагер марапатталды.
Мерекелік шараға Сәтбаев қаласының әкімі Кеңгірбай Смағұлов қатысып, қарияларға ізгі тілегін жеткізді. Қала басшысы аға буынның қоғамдағы орнына тоқталып, олардың еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.
Салтанатты жиында түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерге мемлекеттік және облыстық деңгейдегі марапаттар табысталды. Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы және теміржол саласының ардагерлері бар.
«қариялар, ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер, апалар, бүгінгі 1-қазан қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. 40 жылға таяу СЭСте қызмет еттім. Марапат алғаныма қуаныштымын. Менің бәленбай жылғы еңбегімнің жемісі ғой деп ойлаймын. Сол ебегіме құрмет көрсетіп жатқанына рақмет айтамын»
— Батимаш Үсенова, «Еңбек ардагері» медалінің иегері
«ВИДЕО: С0829 153846 және және Құрметті, Ұлытау облысының ардагерлері, қариялар, ақсақалдар, ақ жаулықты әжелер, апалар, бүгінгі 1-қазан қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен өзім Қазақмыс корпорациясының ардагерімін, Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалын басқарамын. Шахтада 41 жыл еңбек етіп, әлде де осы қаланың, облыстың тыныс-тіршілігіне етене араласқан соң, менің еңбегімді бағалап, бүгінгі күні Ұлытау облысының құрметті азаматы деген төсбелгімен марапаттап жатыр, қуаныштымын. Бәріне алғыс айтамын»
— Абулайс Мулаков, «Ұлытау облысының құрметті ардагері» төсбелгісінің иегері
Өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа аманат еткен аға буынға құрмет көрсетілген шара мерекелік көңіл-күймен мәреге жетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


