Жаңалықтар

«GOVERNMENT CHESS CUP 2026»

«GOVERNMENT CHESS CUP   2026»

«GOVERNMENT CHESS CUP 2026». Өңірімізде осындай атаумен Ұлытау облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа өңірдегі түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, өзара бақ сынады.

Турнирде 6 команда өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар шахмат тақтасында тактикалық шеберліктерін көрсетіп, әр жүрісті мұқият саралады. Тартысты өткен бәсекеде спорттық рух пен өзара сыйластық қатар көрініс тапты.

Қатысушылар үшін мұндай жарыстардың берері мол. Себебі шахмат ойлау қабілетін шыңдап қана қоймай, сабырлылық пен шешім қабылдау дағдысын қалыптастырады.

«Шахматпен мектеп кезінен бері айналысып келемін, әлі күнге дейін ойнаймын. Бірінші кезеңде бірінші орын алдым, енді командамыз жеңіске жетеді деп үміттенемін. Мұндай шаралар өте қызықты. Біз бір-бірімізбен араласып, ойын арқылы жақындаса түсеміз. Шахматтың өзі адамға ерекше әсер сыйлап, қызығушылық пен жігер береді»

— Алмагүл Абдраисова, жеңімпаз

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда анықталды. Енді олар республикалық кезеңде Ұлытау облысының намысын қорғайды. Турнирдің ақтық кезеңі 24 қазанда Астана қаласында өтеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты