ГРЕК РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бүгін "Ұлытау" спорт кешенінде 2010–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир басталды. Аталған турнир өндіріс майталманы, Қарсақпай мыс балқыту зауытына елеулі еңбек сіңірген, Ұлытау және Жезді аудандарының Құрметті азаматы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Маткеновтің рухына арналады.
Спорттық дода Жезқазған қаласы әкімдігінің, Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ «Жезқазған өңірінің спортты дамыту» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.Жарыстың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында грек-рим күресін кеңінен дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту және болашақта ел намысын қорғайтын кәсіби спортшыларды тәрбиелеуге жол ашу.Спорттық доданың Ашылу салтанатына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен спорт қауымдастығының мүшелері қатысты.
Турнирге еліміздің әр өңірінен келген 250-ге жуық жас балуан қатысуда. Жас спортшылар боз кілемде өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Айта кетейік, жарыс екі күнге жоспарланған. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


