«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЙЕЛ ӨҢІР ДАМУЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

«Аманат» партиясының Ұлытау облыстық филиалында «Ғылым және әйел: өңір дамуына жаңа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Партия жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастырумен өткен шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында алдымен өңір үшін маңызды бағыттардың бірі - туризмді дамыту мәселесі көтерілді. Мамандардың айтуынша, Ұлытау өңірінің тарихи және мәдени әлеуеті жоғары. Бұл бағытты жүйелі түрде дамытса, аймаққа келетін туристер саны артып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, бұл шағын және орта бизнестің дамуына да оң әсер етеді.
Жиында экологиялық мәселелер де назардан тыс қалмады. Сарапшылар Жезқазған қаласындағы қоршаған ортаның жағдайына тоқталып, ұзақ жылдар бойы жүргізілген өндірістік жұмыстардың әсерінен экологиялық түйткілдер қордаланғаны айтылды. Бұл өз кезегінде халық денсаулығына да әсер ететін маңызды мәселе.
Жиын қорытындысында қатысушылар ғылым мен қоғамдағы әйелдердің рөліне тоқталып, мұндай алаңдар жаңа бастамаларға жол ашатынын және өңірдің дамуына ықпал ететінін жеткізді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


