«ХАЛЫҚ БУГХАЛТЕРІ» АКЦИЯСЫ

Елімізде 2026 жылдың, 5 ші қаңтарынан бастап «Халық бугхалтері» акциясы басталды. Аталған акция облыс орталығында да өткізілуде. ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен қолға алынған жоба - жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсетеді. Жоба аясында кәсіпкерлерге - бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі. Айта кетейік, бұл акция осы жылдың 30 шы маусымына дейін жалғасады...
-(Консультациялар кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының білікті қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда жұмыс аудандық деңгейде, оның ішінде мамандардың орындарға шығуымен ұйымдастырылады.
Сонымен қатар акция аясында бейне-консультациялар, телефон және онлайн қолдау көрсету көзделген. Кәсіпкерлер үшін қадамдық нұсқаулықтары бар ақпараттық буклеттер дайындалды, call-орталық материалдары жаңартылып, SalyqBot Telegram-арнасындағы пайдалы контент кеңейтілді.
Жезқазған қаласында консультациялар өткізу мекенжайы: Бейбітшілік даңғылы, 26, №1 кабинет.)
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


