Жаңалықтар

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ МІНДЕТ – АЙҚЫН, ЖОСПАР – АУҚЫМДЫ

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ МІНДЕТ – АЙҚЫН, ЖОСПАР – АУҚЫМДЫ

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды саяси реформалар жалғасуда. Соның бірі: Жаңа Конституция негізінде құрылған - Қазақстан Халық Кеңесі. Бұл – бұрын соңды баламасы болмаған инновациялық институт. Аталған кеңеске – Ұлытау облысынан үш өкіл өтті.

Әділетті Қазақстанның айшықты ұстанымын саралайтын Халық кеңесі құрылымның жөні де, жолы да өзгеше. Конституциялық мәртебеге ие бірегей институт құрамында 126 мүше бар. Кеңес мүшесі – Қазақстанның Еңбек ері, Ұлытау облысы мен Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, кенші Тұрсынбек Макишев – аталған кеңестің Астанада өткен алғашқы сессиясына арнайы қатысып келді...

Иә, қазір Қазақстан өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Қоғамның барлық саласы түбегейлі реформаларды жүзеге асыруда. Бұл ретте - Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге де елеулі үлес қоспақ. Айта кетейік, Халық кеңесінің мүшесі Тұрсынбек Макишевпен болған сұхбаттың толық нұсқасын жуырда арнамыздағы «Серпін» бағдарламасынан көре аласыздар.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты