Жаңалықтар

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ

Қалада «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында азаматтар өз аулаларын абаттандыруға, ойын немесе спорт алаңдарын салуға, қараусыз қалған бос жерлерді жабдықтауға, тіпті үй жанындағы саябақты қалпына келтіруге қатысты ұсыныс білдіре алады. Осылайша жоба тұрғындардың белсенділігін арттырып, қаланың дамуына серпін бермек.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Жезқазған қаласында 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Негізгі мақсат – тұрғындардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде қала аумақтарын дамыту және абаттандыру. Биыл ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарда басталып, 1 наурызға дейін жалғасады. Осы кезеңде қала тұрғындары өз идеяларын ұсынып, мысты шаһардың көркеюіне үлес қоса алады.

Жезқазған қаласының кез келген тұрғыны бағдарламаға қатыса алады. Әр қатысушы бір ғана жоба ұсынуға құқылы. Оның құны ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 15 АЕК-тен аспауы тиіс. Түскен ұсыныстар арнайы құрылған сараптамалық кеңесте жан-жақты қаралады.

Айта кету керек, жобалық өтінішке міндетті түрде шығындардың сметалық есебі мен жобаның схемасы қоса тіркелуі тиіс. Қосымша ақпаратты қалалық әкімдіктегі экономика және қаржы бөлімінен анықтауға болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты