Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қозғалыстың дамуы деңгейі!» Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде – «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Айбек Досымбетовтың қатысуымен өткен брифингте кеңінен айтылды.

Ерікті болу – жүректің ісі! Кейінгі жылдары елімізде волонтерлік бағыт тұрақты өсім көрсетіп, азаматтық қоғамды дамытудың маңызды элементіне айналған. Мәселен, 2020 жылы республика бойынша 200 ден аса волонтерлік ұйым болса, бүгінде бұл сан 4 есеге артқан.

Биылғы жылды - Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен «Халықаралық волонтерлер жылы» - деп жариялады. Еріктілер қозғалысы бұл бағытта бірқатар жобаны қолға алған. Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жетекшісінің Ұлытау облысына жасаған сапарының да негізгі мақсаты осы...

Брифинг барысында БАҚ өкілдері өңірдегі волонтерлік қозғалыс саласында сұрақтар қойды. Айта кетейік, ерікті болуға қадам басқан жастар саны аймақта да артып келеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты