ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай Жезқазғанда мерекелік іс шара өтті. Ғарышкерлер бақ жолында ұйымдастырылған BIRLIK FEST қала жастары мен волонтерлердің басын қосты. Мерекелік кеш OPEN AIR форматындағы концертпен жалғасты.
Жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы - ел дамуының маңызды тетіктерінің бірі. Сондықтан мерекелік шарада жастар бастамасы мен волонтерлік қозғалысқа басымдық берілді. Қоғамдық және экологиялық жобаларға тұрақты атсалысып жүрген еріктілердің еңбегі атап өтіліп, 15 волонтерге марапат табысталды.
Бұдан кейін мерекелік бағдарлама концертпен жалғасты. Ашық аспан астындағы сахнада «Аэлита» тобы, Абран Дарын, Жезқазған музыкалық колледжінің Birlik Community волонтерлері және Ердос Әбіләшім өнер көрсетті. Кештің арнайы қонағы қазақ эстрадасының жарқын өкілі Ерболат Құдайберген болды.
Жезқазған жастары осылайша өз мерекесін әнмен, шығармашылықпен және көтеріңкі көңіл күймен атап өтті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


