ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің директоры лауазымына Ернұр Жамел тағайындалды. Ол 2021 жылы Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған. Шығармашылық салада мол тәжірибесі бар маман «Жайдарман» ойындарының қатысушысы, сценарист әрі Халықтық «Шаңырақ» театрының актері ретінде танылған. Әр жылдары «Хабар» телеарнасы мен «Шалқар» радиосында қызмет атқарған. Сондай-ақ, 2017 жылы Астана қаласындағы «Mega Show Technik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде PR маманы болып, кейін бөлім басшысы лауазымына дейін көтерілген. 2023–2025 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің басшысы қызметін атқарды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


