«ХАНШАЙЫМ» БӨБЕКЖАЙЫ ЖАҢАРДЫ

Жезқазғанда «Ханшайым» бөбекжайы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Ғимарат толық жаңартылып, бүлдіршіндер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырылды. Енді тәрбиеленушілер жаңарған нысанда білім алып, ойнап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.
Жаңарған бөбекжайдың ашылу салтанатына білім саласының өкілдері, ата-аналар мен балабақша ұжымы қатысты. Мерекелік шарада бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, таңдайлары тақылдап тақпақ айтып, қонақтарға өз өнерлерін ұсынды.
Күрделі жөндеу кезінде ғимараттың инженерлік желілері жаңартылып, жылу, су және электр жүйелері толық ауыстырылған. Қасбеті жөнделіп, ішкі бөлмелерге заманауи әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, топ бөлмелері, ән-күй және спорт залдары, медициналық кабинет пен асхана да жаңарды. Бөбекжай жаңа жиһаздармен және оқу-тәрбиеге қажетті құралдармен толықты. Ал сыртқы аумақта балаларға арналған ойын алаңдары жаңғыртылып, аумақ абаттандырылды.
Жаңарған бөбекжайда басты назар балалардың қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жан-жақты дамуына аударылған. Ата-аналар да балабақшадағы өзгерістерді оң бағалап, жасалған жағдайға ризашылығын білдірді.
Күрделі жөндеуден өткен «Ханшайым» бөбекжайы бүлдіршіндерді жаңарған ғимаратта қабылдап, жұмысын жалғастырады. Жаңа нысан енді балалардың күнделікті дамуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай қалыптастырып, олардың алаңсыз балалық шағын қызмет етпек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


