ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ДРОППЕРЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілуде. Соның ішінде өз банк картасы мен шотын қылмыстық мақсатта пайдалануға берген дропперлерге қатысты заң талаптары қатаңдатылған. Жезқазған қаласында осындай дерек бойынша сот үкімі заңды күшіне енді. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бөтен адамның өтінішімен банк картасын немесе шотын пайдалануға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


