ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев - интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларының көбеюін ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде атап, құқық қорғау органдарына бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырған болатын. Осыған байланысты өңірде цифрлық қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілді. Өкінішке қарай, өңірде онлайн сауда, жалған инвестициялық жобалар мен банк қызметкерлері атынан жасалатын қоңыраулар арқылы тұрғындарды алдау деректері фактілері азаймай тұр. Мамандардың айтуынша, мұндай қылмыстарды ашуға жалған аккаунттар мен шетелдік серверлер кедергі келтіреді. Жыл басынан бері интернет-алаяқтық бойынша бірнеше іс сотқа жолданған. Қазір тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


