ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ИГІ БАСТАМА

Облыс орталығында Қытайдан келген инвесторлармен келелі кездесу өтті. Онда - инвестициялық әріптестікті нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және өндіріс орындарын дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар тағы қандай тақырыптар жөнінде тілдесті?
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев, жергілікті бизнес өкілдері және өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер қатысты. Қытайлық серіктестерге Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, басым бағыттары мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған мүмкіндіктері таныстырылды.
«0397 / / / Ұлытау облысы табиғи ресурстарға бай, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлары бар және жоғары инвестициялық әлеуетке ие қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бірегей мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз.Міне слайда атап көрсеткендей Ұлытау облысында инвестиция салудың 5 себебін біз атап көрсеттік. Бірінші - ол тиімді географиялық орналасу, екінші - бай шикізат қоры, үшінші-инфрақұрылымды дамтыту,төртінші-білікті кадрлар, бесінші-инвесторларға кепілдендірілген қолдау»
— Нұртас Кәріпбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Кездесуде Жезқазған қаласын дамытуға да ерекше назар аударылды. Қытайлық инвесторлар қаланы жаңғырту, тұрғын үй қорын жаңарту және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған жобаларға қызығушылық танытты. Бұл бастамалар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, бизнес үшін тың мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
«0436 перевод: Бүгін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаевтың таныстырылымынан өңірдің мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алдық. Әсіресе жел энергетикасы, кен өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу бағыттары қызығушылық тудырды. Бұл салаларда біздің компанияларымыздың тәжірибесі мол. Сондықтан Ұлытау облысымен осы бағыттарда экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік бар деп санаймыз»
— Мао Дунхун, Shaanxi Investment Group Co.,Ltd компаниясы бас директорының орынбасары
«0437 перевод: Болашақта Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамытуға бағытталған ауқымды жоспарларымыз бар. Реновация бағдарламасы аясындағы жұмыстар барысында қаланың жоспарлануы, индустриялық аумақтары мен инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажет екенін байқадық. Сондықтан алдағы 3–5 жылға арналған даму жоспарын қазірден қалыптастыру маңызды. Қалада білім мен инновацияға, ауыл шаруашылығына, туризмге және бизнеске арналған жеке орталықтар болуы қажет. Бұл бағыттағы жобаларды алдағы уақытта облыс және қала әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»
— Го Вэнь, «Жібек жолы» Юньто «Сиань» коммерциялық қызметтер компаниясының бас директоры
Кездесуде өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті де назардан тыс қалмады. Қытай тарапы өнімді өңдеу, сондай-ақ тау-кен және металлургия салаларындағы өндірісті дамытуға бағытталған жобаларға қызығушылық білдірді.
«0438 перевод: Біз Шэньси провинциясындағы сирек және түсті металдарды өңдеу саласындағы ірі корпорацияның өкілі ретінде Ұлытау облысымен кен өндіру және оны өңдеу бағытында терең әріптестік орнатуға мүдделіміз. Атап айтқанда, алтын, күміс, қорғасын және өңірдің негізгі өнімдерінің бірі – мыс бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып отырмыз»
— Ван Жуйтин, Northwest Nonferrous Geology and Mining Group Co., Ltd партия комитетінің мүшесі, бас директордың орынбасары әрі бас инженері
Келіссөздер қорытындысында тараптар диалогты жалғастырып, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді. Сапар барысында Қытай делегациясы Жезқазған мыс балқыту зауыты мен геологиялық кластерді аралады. Өндірістік нысандармен танысу шетелдік инвесторларға өңірдің өндірістік қуаты мен инфрақұрылымын бағалап, алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


