ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ

Өткен 2025 жылдың қорытындысында облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 260 млрд.теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексінде 3,4%-ға өсім тіркелген. Ал, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларындағы инвестиция көлемі 1,7 есеге артқан. Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақ басшысының салаға жауапты орынбасары Нұртас Кәріпбаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды...
Өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырудың негізгі бағыттары: тау-кен металлургия кешенін жаңғырту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және бизнес субьектілерін дамыту негізінде жүзеге асырылуда. Аталған ретте аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу мақсаты да оң жолға қойылған...
-(2025 жылы облыста 457 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 40 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жоба іске қосылды. 2026 жылы жалпы құны 11,8 млрд.теңге болатын 200-ге жуық жұмыс орнын құруды көздейтін 4 ірі жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.) Бұдан бөлек агроөнеркәсіп саласы мен Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы және Сәтбаев индустриялық аймағын құру жобалары жөнінде де кеңінен таныстырылады. Брифингке қатысқан тілшілерді толғандардың сауалдардың дені де осы тақырыптарда болды. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары бұрынғы Жезқазған тігін фабрикасы ғимаратын қайта жаңғырту бойынша сұраққа да жауап берді. Инвестициялық жоба негізінде қолға алынған жұмыс аяқталғасын - тігін фабрикасы толықтай мемлекеттің меншігінде қалатындығын айтты.
Айта кетейік, брифингке «Ұлытау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары да арнайы қатысып, бірқатар сауалдарға жауап берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


