ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ САРАЛАНДЫ

«Өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырудың негізгі бағыттары.»; Аталған мәселе - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалында өткен кезекті жиында кеңінен талқыланды...
Бүгінде өңірдің цифрлық инвестициялық платформасында 41 инвестициялық жоба тіркелген. Оларды жүзеге асыру 3000 нан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек...
-(Инвесторлар жобаны іске асыру бойынша кешенді консультативтік және практикалық көмек алады, соның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, рұқсат алу, коммуналдық инфрақұрылымға қосылу және туындайтын басқа да мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мақсат: облыстық инвестициялық әлеуетін арттыру.) Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға прокуратура қызметкерлері де қатысып, инвесторлардың құқықтарын қорғау мен заң мен тәртіп қағидаты аясындағы мәселерге тоқталды.
«(Биыл Ұлытау облыстық прокуратурасы тоғыз іс бойынша шешім шығарды. Бұл уәкілетті органдар қойған әкімшілік кедергілерге сәйкес келетін проблемалық мәселелер. Сондай-ақ жиырма төрт инвестордың құқығы қорғалды. Он алты бақылау хаттамасы берілді, нәтижесінде алты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.)»
— Өмірзақ Алиев, Ұлытау облыстық прокуратурасының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі топ басшысы
Инвестициялық әлеуетті арттыруға бастайтын игі жобалар әрі қарай да жалғаса бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


