Жаңалықтар

«JAS ҰЛЫТАУ» ЖАСТАР ФОРУМЫ

«JAS ҰЛЫТАУ» ЖАСТАР ФОРУМЫ

Облыс орталығында жастардың басын қосқан «Jas Ұлытау» форумы өтті. Маңызды басқосуда жас буынның қоғамдағы орны, өзін-өзі дамытуы, білім алуы және жеке жауапкершілігі сөз болды. Жиынға белсенді жастар, түрлі сала мамандары мен қоғам өкілдері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – жастарға жаңа серпін беріп, олардың өз қабілетін дамытуына мүмкіндік жасау. Форумда білімге ұмтылу, жаңа дағдыларды меңгеру, жеке жауапкершілік пен қоғамға белсенді араласу мәселелері қозғалды. Шараны Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Жалпы, өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға әрдайым үлкен сенім артып, осы өскелең ұрпақтың білімді, еңбекқор, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары болуының маңыздылығын атап өтіп келеді. Жастарға үлкен басымдық беріп, сенім артып отыр. Осы орайда біз арнайы форум өткізіп отырмыз Негізгі мақсаты жастарға мотивация беріп, белсенді, қоғамның дамуына үлесін қосатын азамат болуға шақыру»

Форумда жастардың белсенділігімен қатар, құқықтық сауаттылыққа да мән берілді. Қатысушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндіріліп, өз құқықтары мен міндеттерін білу маңыздылығы айтылды.

«Заң мен тәртіп тұжырымдамасында, негізі баяндамамда жастарға, жұмысшыларға, жасөспірімдерге, кәмелетке толмаған балаларға арналады. Заң бар жерде – тәртіп бар, тәртіп бар жерде қоғам қалыптастырады. Бүгін осы туралы айтатын боламын»

Бұдан бөлек, форум аясында жастарға арналған түрлі пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Еркін пікір алмасу барысында жаңа бастамалар мен тың жобаларға қатысты ойлар айтылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты