Жаңалықтар

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Бүгін Ұлытау облысы әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Өңір басшысы Дастан Рыспеков лауазым иелерін таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Актив жиынында Алмаз Ыдырысов Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Мемлекеттік басқару мен инфрақұрылым саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар Болат Жұмабеков облыс әкімінің орынбасары болды. Ал, Қоғамдық даму басқармасының тізгіні Ербол Күмісходжаевқа тапсырылса, Ұлттық статистика бюросының облыстық департаментін Нұрқожа Бекжанов басқаратын болды.

Өңір басшысы жаңа басшылардың кәсіби тәжірибесіне тоқталып, алдағы міндеттердің ауқымды екенін атап өтті. Кадрлық өзгерістер мемлекеттік басқару сапасын арттырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деген сенім білдірілді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты