Жаңалықтар

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Бүгін Жезқазған қаласыныңәкімі Қайрат Шайжанов – қала активіне кадрлық өзгерістерді таныстырды. Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып Ақтолқын Айтбаева тағайындалды. Ол еңбек жолын 2008 жылы Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып бастаған, кейін бас маман және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ал, Қала әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімін Сәби Серік басқармақ, ол бұған дейін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болған. Сонымен қатар, Жезқазған қаласы әкімнің баспасөз хатшысы болып Мөлдир Мақсұт тағайындалды. Мөлдір Мақсұт мемлекеттік қызметтегі жолын 2023 жылы ішкі саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастаған, 2025 жылы Өңірлік коммуникациялар қызметіне жетекшілік етіп, облыстық қоғамдық даму басқармасында жұмыс істеген.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты