Жаңалықтар

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Жезқазған қаласы әкімдігінде кадрлық өзгеріс орын алды. Қалалық «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне Мақпал Байршаева тағайындалды. Мақпал Байршаева 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі мен Қазақ инженерлік-техникалық академиясында білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімінде бастаған. Кейінгі жылдары аталған бөлімде жер қатынастары секторының меңгерушісі болып еңбек еткен. Қала әкімі Қайрат Шайжанов бөлім басшысының жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты