Жаңалықтар

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

Жезқазған қаласы әкімдігінде кадрлық өзгеріс орын алды. Қала әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің келісімімен Жезқазған қаласы әкімінің аппаратының басшысы лауазымына Рүстем Есмағамбетов тағайындалды. Рүстем Есмағамбетов - өңірлік кадрлық резервтің мүшесі. Ол құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2011 жылы бастаған, жеке секторда және мемлекеттік қызметте түрлі жауапты лауазымдарды атқарған. Жаңа аппарат басшысын ұжымға таныстырған қала әкімі оның кәсіби тәжірибесіне тоқталып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты