КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Бүгін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала активіне жаңа басшыларды таныстырды. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Абзал Қыдырбай Жезқазған қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. Ол прокуратура саласында 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары өңірлік және аудандық деңгейде жауапты қызметтер атқарған. Бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының прокуроры болған. Сондай-ақ Марғұлан Сейдахметов қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясында бастаған. Кейін жылжымайтын мүлік және жер қатынастары салаларында жұмыс істеген.Тағайындалғанға дейін Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімін басқарды. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі — 18 жыл. Шаһар басшысы Қайрат Шайжанов жаңа қызметке кіріскен әріптестерінің жұмысына сәттілік тіледі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


