Жаңалықтар

КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес еңбек шартын 16 жасқа толған азаматтармен жасасуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ негізгі орта немесе жалпы орта білімін аяқтаған 15 жастағы жасөспірімдерге де заң аясында жеңіл еңбек түрлерін орындауға мүмкіндік берілген, алайда бұл жұмыс тек сабақтан тыс уақытта атқарылып, баланың денсаулығы мен оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс. Ал 14 жасқа толмаған балалар тек шығармашылық салаларда - кино, театр, концерттік ұйымдар мен цирктерде - жеке қабілетін дамыту мақсатында ғана жұмысқа тартыла алады. Басты талап - баланың денсаулығы мен білім алу құқығының толық сақталуы.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты