Жаңалықтар

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК

Жазғы демалыс - жасөспірімдер үшін тек тынығып қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинайтын кезең. Осы уақытта кәмелетке толмағандарды уақытша жұмысқа орналастыру мәселесі ерекше өзекті бола түседі. ҚР заңнамасына сәйкес, еңбек шартын ресми түрде 16 жастан бастап жасауға болады. Дегенмен кей жағдайларда жасөспірімдерге ертерек еңбек етуге мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, 15 жастан бастап - негізгі немесе жалпы орта білім алған оқушылармен, ал 14 жастан бастап - ата-анасының келісімімен, тек оқуына кедергі келтірмейтін әрі денсаулығына зиян келтірмейтін жеңіл жұмыстарға рұқсат етіледі. Кәмелетке толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақыты да шектелген. 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық еңбек ете алмайды. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі жастар үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты