Жаңалықтар

КӘСІБИ БАҒДАР – САПАЛЫ ТАҢДАУҒА БАСТАР ЖОЛ

КӘСІБИ БАҒДАР – САПАЛЫ ТАҢДАУҒА БАСТАР ЖОЛ

Облыс орталығындағы №8 ші гимназияда жоғары сынып оқушыларына арналған айрықша шара өтті. Аталған кездесуге мектеп оқушылары мен түрлі сала мамандары қатысып, болашақ мамандықты сапалы таңдаудың маңызы талқыланды.

Мамандық таңдауға келгенде жасөспірімнің өз қабілеті мен қызығушылығын ескеруі аса маңызды. Сондықтан оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт таңдаудың алғашқы қадамы. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуде қатысушылар ашық пікір алмасып, оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Осы іс-шара қазіргі таңда актуалды мәселелердің бірі - көбіне қазіргі адамдар мамандықты оқып алып, ЖОО-да, дипломдарын сандықтың ішіне сақтап, басқа мамандыққа барғысы келмей, ол мамандық бойынша жұмыс істегісі келмей, сергелдеңге түсіп жатады. Сол проблеманың алдын алу мақсатында қазіргі жастарға осындай форум өткізуді ұйғардық»

— Нұрмахан Рысқұл, Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның мұғалімі

Дөңгелек үстелге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, «Әділет» партиясы жастар қанатының мүшелері қатысты. Олар оқушыларға кәсіби бағыт таңдаудың маңызы, жеке қабілетті бағалау және мақсат қою жөнінде кеңес берді.

«ВИДЕО: 00645 және Бүгінгі іс-шара біздің жас түлектер осы биыл бітіреді деп отыр. Сол түлектерге өзінің мансаптық, ертеңгі күні таңдайтын мамандықтарын дәріптеу ретінде өткізіп отырмыз. Мен ойлаймын, қазіргі балалар көбінесе мамандық қажет емес деп жаңа сұрақтарда да қойып отыр. Бірақ біз олардың ойларына, саналарына негізгі мамандық қажет деп өз ойымызды білдірдік»

— Айдын Нығметоллаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Жиынға қатысқан оқушылар үшін мұндай кездесулер мамандық таңдауға жаңа көзқарас қалыптастыруға жол ашады. Әсіресе тәжірибелі мамандармен тікелей тілдесу, түрлі саланың қыр-сырын білу – болашаққа нақты жоспар құруға мүмкіндік болмақ.

«Бүгінгі іс-шара жақсы өтті, гимназиямыздың 9-10-11 сынып оқушыларын арналған дөңгелек үстел маған ұнады. Өзіміздің қажеттілігімізге, болашақта керек болатын мамандық жайлы өзіміздің қабілеттігіміз туралы жақсы ой түйдім»

— Нұрдаулет Нұрлан, Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның оқушысы

«бүгінгі өткен іс-шара менің болашақта мамандық таңдауыма өз әсерін тигізеді деп сенемін. Мен көптеген сұрағыма жауап алдым, және болашақта мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімді қосамын»

— Кәусар Байдалы, Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның оқушысы

Ұйымдастырушылар мұндай кәсіби бағдар жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты