Жаңалықтар

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Әлеуметтік кәсіпкерлік» және «Менторлық» курстарының түлектеріне арнайы дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Аталған жоба Кәсіпкерлер Палатасының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен - «Кәсіпке бағыт» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Бұл - білім беру жобасы кәсібін жаңа бастаған,сондай-ақ тәжірибелі кәсіпкерлерге де өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берген жоба. Курс барысында қатысушылар заманауи бизнес құралдарын қолдануды, әлеуметтік жобаларды жоспарлауды, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен менторлық іскерлікті үйренді. Салтанатты шара барысында түлектерге құрмет көрсетіліп ,арнайы дипломдар табысталды.

«0306 ПЕРЕВОД: Біз бір жылдан астам уақыт «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәуелсіз рейтингі бойынша облыстың іскерлік ахуалын сақтап келеміз.Ел бойынша шағын бизнесті дамыту үшін ең қолайлы үш өңірдің бірі болып отырмыз. Бұл нәтижеге осы бағдарламаның арқасында жеттік»

— Гүлмира Каженова, Ұлытау облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Оқыту қорытындысы бойынша 44 қатысушы жобаның түлегі екендігін растайтын құжат алды. Оның 18 і «Менторлық» курсын сәтті аяқтап, жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету дағдыларын меңгерді. Ал, 26 түлек «Әлеуметтік кәсіпкерлік» курсын тәмамдап, әлеуметтік миссиясы бар жобаларды іске қосу және дамытуға қажетті білім мен тәжірибе алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар аймақтағы шағын және орта бизнес нысандарының артуы мен олардың жұмысында сапалы бәсекелестікті орнатуға жол ашады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты