КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кезекті отырысында кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және ірі кәсіпорындармен байланысты күшейту мәселелері қаралды. Аталған кеңестің жаңа төрағасы болып «Қазақмыс корпорациясы» Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары, «Kazakhmys Barlau» бас директоры Ғалым Нуржанов сайланды. Жиында жергілікті бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы талқыланып, олардың үлесін арттыру тетіктері қаралды. Сонымен қатар «Business Go» жобасы таныстырылып, кеңестің жұмыс және медиа-жоспары бекітілді...
«Бүгін Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Соның ішінде Жезқазған қаласының сатып алуларды жергіліктендіру тәжірибесіне тоқталдық. «Қазақмыс» корпорациясының сатып алуларының 60 пайыздан астамы сырттан жүргізіледі. Қазір корпорацияға қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсына алатын 69 кәсіпкерден тұратын тізім жасақталды. Ендігі мақсат – жергілікті кәсіпкерлерді осы сатып алуларға барынша тарту. Сондай-ақ облыс әкімімен алдағы кездесуге дайындық мәселесін қарадық»
— Гүлмира Каженова, Ұлытау облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


