КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасында өңірлік көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен көлік инфрақұрылымы саласындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиынға мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысып, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді азайту жолдарын талқылады.
2025 жылдан бастап инвесторларға қатысты негізгі шешімдерді келісу тәртібіне өзгерістер енгізілген. Жаңа талаптар тексерулер жүргізу, әкімшілік материалдарды қозғау, сотқа талап-арыз беру және тыйым салу-шектеу шараларын қолдану процестерін қамтиды.Ұлытау өңірлік көлік прокуратурасы бұл нормаларды іс жүзінде белсенді жүзеге асырып келеді. Кәсіпкерлердің өтініштері тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтарға жедел ден қойылуда. Бұл бизнеске негізсіз араласу тәуекелдерін азайтып, инвесторлардың өңірге деген сенімін арттыруға ықпал етеді дейді мамандар.
Меморандум кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, жедел ақпарат алмасу және тұрақты консультациялар өткізу бойынша бірлескен жұмысты көздейді.Тараптар алдағы уақытта ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, көлік инфрақұрылымы саласындағы бизнесті қолдау шараларын жетілдіруге ниетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


