Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕР САЛЫҚ РЕЖИМІН 28 АҚПАНҒА ДЕЙІН ТАҢДАУЫ ТИІС

КӘСІПКЕРЛЕР САЛЫҚ РЕЖИМІН  28 АҚПАНҒА ДЕЙІН ТАҢДАУЫ ТИІС

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнайы салық режимдерін қолданудың жаңартылған тәртібі күшіне енді. Осыған байланысты Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қаладағы сауда орталықтарын аралап, кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат - бизнес өкілдеріне 2026 жылғы 28 ақпанға дейін салық салу режимін таңдау қажеттігін ескерту.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес бүгінде үш түрлі режим қарастырылған. Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы режим, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режим.Мамандардың айтуынша, бұрыннан оңайлатылған декларациямен жұмыс істеп келген кәсіпкерлер осы режимде қалу үшін міндетті түрде қайтадан хабарлама жолдауы керек.

Өтініш беру процесі де барынша жеңілдетілген.Хабарламаны: eSalyq Business мобильді қосымшасы,екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, немесе «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы онлайн жолдауға болады.Өтініш бірнеше минут ішінде қабылданады, мемлекеттік органға барып, қағаз тапсырудың қажеті жоқ. Қосымша ақпаратты 1414 байланыс орталығынан немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан алуға болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты