Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

«Отандық тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары.» Аталған мәселе - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында өткен жиынның күн тәртібіне шығарылды...

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған жиынға – жергілікті кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асырып жүрген қаржылық институт өкілдері қатысты. Негізгі мақсат: Бұдан бөлек - Сауда саясатындағы заңнаманың талаптарының сақталуы мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы іс шаралар да осы жиында айтылды. Ал, аймақтағы қаржылық институт мамандары – мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«(Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетем деген кәсіпкерге Мемлекет тарапынан көптеген тиімді бағдарламалар бар. Шағын кәсіп иелеріне жеңілдетілген пайызда несиелер беріледі. Мұндай жобаларға ұлытаулық кәсіпкерлер белсене қатысса деген мақсатта осындай жиындарға арнайы қатысамыз. Бүгінгі жиында да осы бағдарламаларды таныстырудамыз.)»

— Арман Менжесаров, Ұлытау облысы бойынша «Даму» қоры филиалының басшысы

Ұлытау облысының құрылуымен өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан. Бұл ретте – кәсіпкерліктің одан әрі қанат жаюына кедергі жасап тұрған факторлар да жоқ емес. Жиында саладағы түйткілді мәселелер де көтерілді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты