Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗЫ ЗОР СЕМИНАР

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗЫ ЗОР СЕМИНАР

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филилалында - «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер конкурсының бағалау критерийлері бойынша бағалауды жүргізу тәртібі мен әдістемесі және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі» тақырыбында семинар өтті...

Аталған іс шаралар – отандық тауар өндірушілердің жетістіктерін насихаттап, оларды қолдау мен ынталандыруға бағытталған. Осы мақсатта ұйымдастырылған семинарға «Атамекен» ҰКП республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева жетекшілік етті. Ол жергілікті кәсіпкерлерге - конкурстық өтінімдерге қойылатын талаптар, іріктеу критерийлері және бәсі биік республикалық жобаларға қатысу шарттары туралы кеңінен ақпарат берді.

«( Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына қатысу – үлкен жауапкершілікті және аты айтып тұрғандай сапалы еңбекті қажет етеді. Мұндай деңгейдегі конкурсқа қатысқан әр кәсіпкерге арнайы сертификаттар табысталады. Қазір Ұлытау облысы бизнес өкілдерінің белсенділіктері жоғары. Бүгінгі семинарда да осыған орай кәсіпкерлік саласындағы ауқымды тақырыптар жан-жақты көтерілуде.)»

— Мерей Исаева, «Атамекен» ҰКП республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы өкілдерінің айтуынша, республикалық конкурстарға қатысу кезеңде қажетті құжаттарды ережеге сай дайындау қиындықтары жергілікті кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелер қатарында.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін, ал, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңіне өтініштер қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты