Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қаржы саласындағы жаңашылдықтар кәсіпкерлерден жаңа талаптарды дер кезінде меңгеруді қажет етеді. Осыған байланысты Жезқазған қаласында салық сарапшысы Дмитрий Казанцевтің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында кәсіпкерлерге жаңартылған Салық кодексіндегі басты өзгерістер мен олардың бизнеске ықпалы түсіндірілді.

Форумға әртүрлі салада жұмыс істейтін шамамен 200 кәсіпкер жиналды. Сарапшы жаңа талаптардың қайсысы күшіне енетінін және кәсіпкерлердің қателікке жол бермей, қаржылық тәуекелден қалай сақтану керектігін түсіндірді.

«Біз кәсіпкерлер мен есепшілерді жинап, жаңа салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріп жүрміз. Жаңа салық кодексі айтарлықтай жаңарды. Ол кәсіпкерлерге ғана емес, жеке тұлғаларға да әсер етті. Көптеген кәсіпкерлер заңдағы өзгерістерді біле бермейді. Сол үшін де біз Қазақстанды аралап, осы жаңашылдықтарды түсіндіруді мақсат еттік. Бұл бизнестің жаңа талаптарға бейімделіп, қателікке жол бермеуіне көмектеседі деп есептеймін»

— Дмитрий Казанцев, салық сарапшысы

Кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері сарапшыға өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, жауап алды. Қатысушыларды салық жүйесіндегі өзгерістер, есеп жүргізу талаптары және айыппұлдардың қалай есептелетіні көбірек қызықтырды.

«ОСындай форумдардың пайдасы көп. Дмитрий Казанцев салықтағы өзгерістердің барлығын қарайып етіп түсінідіріп берді. Бизнесті бөліп көрсету туралы да ақапарат айтты. Осындай коучтар бізге жиі келіп тұрса екен. Халық банкіне және ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»

— Найля Одинцова, форумға қатысушы

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер кәсіпкерлерге заңдағы өзгерістерді уақытында түсініп, бизнесін заң талаптарына сай жүргізуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты