Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында - Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментікәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиынға облыстық прокуратура, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету, кәсіпкерлер мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты күшейту, сондай-ақ заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүйелеу мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік қызметті заң шеңберінде жүргізу және мемлекеттік органдармен ашық әрі тиімді диалог орнату тақырыптарына басымдық берілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер бизнес өкілдерінің өзекті мәселелерін жедел шешуге және мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді.Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнамаға қатысты түсіндірме беріліп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар ұсынымдар ұсынылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты