Жаңалықтар

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында құрылған арнайы мобильді топ – облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, ондағы мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған бейімділік жұмыстарын тексерді...

«Кедергісіз келешек» жобасының негізгі мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мен оларды қоғамға кедергісіз бейімдеу. Арнайы мобильді топ өкілдерінің бұл жолғы аралауы – Жезқазған қаласының Әуежайы мен Теміржол вокзалы және көпбейінді аурухана ғимаратында болды. Рейд барысында: келушілер арасында қоларбамен жүретін жандарға арналған пандустардың талапқа сай жасалуы назарға алынды.

Аталған әлеуметтік маңызға ие шараға мәслихат депутаттары мен партия белсенділері және қалалық әкімдіктің салаға жауапты бөлімнің басшылары қатысты. Олар мұндай рейдтердің тұрақты ұйымдастырылуы қадағалауда екендігін жеткізді.

-(Бұл бағдарлама біздің бөлімнің де негізгі бақылауында! «Аманат» партиясынан сайланған депутаттармен үнемі рейд өткізіп тұрамыз. Жоба аясында 2023-2027 жылдар аралығына бірқатар іс шара жоспары құрылған. Аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғаса береді.) Тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі сараланды. Ал, анықталған кемшіліктер бойынша мекеме басшылығына ескертулер берілді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты