«КЕҢГІР КЕРІМСАЛЫ» ПОЭЗИЯ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Жезқазғанда – ІІ ші республикалық «Кеңгір керімсалы» поэзия фестивалі басталды. Жергілікті қаламгерлер мен өзге өңірдің ақын-жазушылары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту мақсатын көздеген әдеби шараның салтанатты ашылуы - «Наурыз» саябағындағы Абай ескерткіші алаңында өтті.
Мамыражай мамырмен қатар келетін фестиваль биыл екінші мәрте ұйымдастырылуда. Жезқазған қаласы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған жыр жәрмеңкесі – шаһар басшысының салаға жауапты орынбасары Берік Әбеннің алғысөзімен ашылды.
Поэзия тойы – Ұлытаудың қос қаламгері Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына арналуда. Фестивальге Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан айтулы қаламгерлер арнайы келіп қатысуда.
Айта кетейік, фестиваль 2 күнге жоспарланған. Бағдарламасында: Жошы хан, Алаша хан кесенелеріне танымдық экскурсия мен жерлес жазушы Арман Әлменбеттің «Тергеуші» романының таныстырылыма, «Кеңгірдің қоңыр кешінде» атты әдеби сазды кеш бар. Ашылу салтанаты Абай ескерктішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен мәреге жетті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


