Жаңалықтар

КЕҢГІР СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ

КЕҢГІР СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ

Өткен жексенбіде Жезқазған қаласына қарасты, Кеңгір селолық округінде әкім сайлауы болды. Аталған сайлауда халықтың көпшілік дауысына ие болып, жеңіске жеткен үміткер Дәмелі Дыбысова бүгіннен бастап Кеңгірдің әкімі ретінде ресми түрде жұмысына кірісті. Сайлау заң талаптарына сай өтіп, ауыл тұрғындары таңдауын жасады. Сайлаушылар тізіміне 1834 азамат енгізіліп, оның 1246-сы дауыс беруге қатысқан. Айта кетейік, Дәмелі Дыбысованың мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев – жаңа әкімге жемісті еңбек пен сәтті жұмыс тіледі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты