Жаңалықтар

КЕҢГІРДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

КЕҢГІРДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Жезқазған қаласына қарасты -Кеңгір ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қайтарылған активтер есебінен бой көтерген медициналық нысан ауыл тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен облыс прокуроры Жасұлан Еламанов қатысты.

Заманауи талапқа сай салынған амбулатория тәулігіне 20-дан астам адамды қабылдай алады. Мұнда күндізгі стационар жұмыс істеп, алғашқы медициналық көмек пен бірқатар емдік қызмет түрлері көрсетіледі. Салтанатты жиында өңір басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бұл нысан мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың бірі. Бүгінде өңірде осындай қаражатқа салынған нысандар халық игілігіне кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Қазіргі уақытта амбулаторияны денсаулық сақтау басқармасының теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Кеңгір ауылында бүгінде 1700 ден аса тұрғын бар. Оларға қызмет көрсететін жаңа амбулатория қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда мамандар тұрғындарға алғашқы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен диагностикалық қызметтер көрсетеді. Енді ауыл халқы бірқатар медициналық көмекті елді мекеннен шықпай-ақ ала алады.

«0591 1ші звуктан: / Бұл жерде 1784 адамға өзі 1 учаске 1 дәрігер болады.Дәрігер бар,3 медсестра болады.Сосын акушерка болады бұл жерде жұмыс істейтін. Сосын регистратурада жұмыс істейтін медсестра болады.Сосын енді 4 охрана болады, олар 3 күннен ауысып отыратын болады.Содан кейін кіші жұмыскер санитаркалар 2 санитарка жұмыс істейтін болады. Енді осы медициналық қызметкерлер, тағы да басқа қосымша қызметкерлер жеткілікті»

— Бибігүл Үсембаева, Жезқазған қалалық емханасының директоры

Жаңа нысан ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты