Жаңалықтар

«КЕҢГІРДІҢ ҚОҢЫР КЕШІНДЕ!»

«КЕҢГІРДІҢ ҚОҢЫР КЕШІНДЕ!»

Ұлытаудың қос қаламгері Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдығына арналған ІІ ші республикалық «Кеңгір керімсалы» фестивалі «Кеңгірдің қоңыр кешінде» атты әдеби кешпен мәреге жетті. Өлең өрге қонып, поэзия салтанат құрған тағылымды кеш жайында Мұқағали Сейтқазы толығырақ тарқатады...

Екі жылда – бір рет ұйымдастырылатын «Кеңгір керімсалы» фестивалі Жезқазған қаласының 70 жылдығында тұсауын кескен әдеби жоба. Мысты шаһарды – өлеңнің де ордасына айналдыруды көздеген фестиваль бағдарламасы 2 күнге жоспарланған. Соның қорытынды шарасы – осы поэзия кеші...

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығын насихаттаудан басталған кеш – ақындардың өлең оқуымен жалғасын тапты. Адамзат жанына нәзік иірімді толғаныс пен рухани құндылық сыйлаған шарадан көрермендердің алған әсері де айрықша.

Жоба ұйымдастырушылары мен жергілікті қаламгерлер «Кеңгір керімсалының» берері мол, шығармашылық тұрғыда күтер үмітіміз де көп дейді...

Айта кетейік, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ақын-жазушылардың - фестиваль мен Жезқазғаннан алған шалқар шабыттарының жемісімен жазылған туындылары болашақта жинақ болып басылады. Керім Кеңгірдің жағасын жырдың толқыны тербеген поэзия тойы 2028 жылы жалғасын табады...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты