Жаңалықтар

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІ 2

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІ   2

Кеншілер мен байытушылар күніне арналған мерекелік бағдарлама өз мәресіне жетті. Сәтбаев қаласында өткен қорытынды концерт шаһар тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш барысында жас таланттармен қатар, танымал отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Мерекелік концертке жиналған қалың көрермен өнерге толы бағдарламаны тамашалады. Кештің басты бөлімдерінің бірі – «Жас-Дарын» жас таланттар байқауы. Байқауға жүздеген үміткер арасынан іріктелген өнерлі балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ шығармашылық ұжымдары қатысты. Мұнда, жас дарындар танымал жұлдыздармен бірге өнер көрсетті. Бірлесе орындалған туындылар кештің көркін қыздырып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Осындай іс-шаралар тек қана Жезқазғанда емес, барлық елімізде көбірек атқарылып өткізілсе екен дейміз. Өйткені, балаларымызға әрқашанда біз демеу көрсету керекпіз. Әрқашанда мотивация беру керекпіз. Дұрыс жолда, дұрыс өнер жолына қанат беріп, ұшыруға сондай бір дұрыс бағытта жұмыс жасауға қолдау көрсетіп тұруымыз керек деп ойлаймын»

— Маржан Арапбаева, әнші

Бірлесе өнер көрсету байқаудың есте қаларлық сәтіне айналды. Кәсіби әртістермен бір сахнаға шығу жас қатысушыларға мол тәжірибе жинақтап, сахна мәдениетін меңгеруге және өз шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді.

«03365 Хрон: / Баршаңызды кеншілер және байытушылар күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Бүгінгі байқауға Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындадым. Сәтбаев қаласынан вокал бағыты бойынша іріктеу кезеңінен өткен жалғыз қатысушы болдым»

— Іңкәр Саятова, «Жас дарын» байқауының қатысушысы

«03399 Хрон: / Біз бүгінгі байқауда «Амели» атты қойылымымызбен өнер көрсеттік. Баршаңызды кеншілер күнімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жемісті болып, жұмыстарыңыз жеңіл әрі берекелі болсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!»

— «Аэлита» эстрадалық-би тобы, «Жас дарын» байқауының қатысушылары

«Жас-дарын» байқауы өнердің жаспен шектелмейтінін дәлелдеді.

Мерекелік бағдарлама ауқымды гала-концертпен жалғасты. Кеш барысында көрерменге кеңінен танымал әншілер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетті. Сәтбаев тұрғындары мен қонақтары Мақпал Исабекова, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас және «Асу» дуэтінің өнерін тамашалады. Ал кештің басты қонақтары – аңызға айналған «A’Studio» тобы.

Әрбір музыкалық нөмір көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. Қала тұрғындары мен қонақтары концертті тамашалап қана қоймай, өнерпаздармен естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті

«00518 Хрон: Маған концерт өте ұнады, ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде болды. Шахтада еңбек етіп жүрген барша жандарға алғысымды айтқым келеді. Менің әкем де шахтер. Әкеме осы еңбегі үшін алғысым шексіз»

— Жайна Рахмалиқызы, Сәтбаев қаласының тұрғыны

Осылайша Кеншілер мен байытушылар күніне арналған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Жас таланттар мен қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсеткен кеш Сәтбаев тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшілікке ұмытылмас әсер қалдырды. Мерекелік бағдарлама дәстүрлі отшашумен түйінделіп, кеншілер еңбегіне арналған айтулы күн жарқын көңіл күймен қорытындыланды.

Еркеназ Қордабай, Алихан Мұхтар. «Ұлытау» телеарнасы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты