Жаңалықтар

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ

Кеншілер мен байытушылар күніне орай – өндірісте ұзақ жылдар бойы еңбек еткен сала ардагерлеріне арналған спорттық шара!

Кеншілер шаһарындағы «Жастар» стадионында өткен мерекелік шараның негізгі мақсаты: кен қопарған қазына қарияларға құрмет көрсетіп, салауатты өмір салтын кейінгі толқынға үлгі ету. 80 ге жуық еңбек ардагері қамтылған спорттық сайыстарға – ардагер кеншілер мен байытушылар белсене қатысты.

Бұл күні спорттың 4 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: қысқа қашықтыққа жүгіру, арқан тартыс, қол күресі және дойбы ойыны.

Спорттық сайыстарда жүлделі орынға ие болғандарға Алғыс хаттары мен қаржылай сыйақылар табысталды. Тағылымды шара – жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен қорытындыланды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты